«Студенттен талап етілген мамандыққа дейін» тақырыбындағы дөңгелек үстел

20 мамырда «Студенттен талап етілген мамандыққа дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараны «Электрлік энергетика» кафедрасының оқытушылары мен ««Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2 және 3 курс студенттері өткізді.

Шараның мақсаты – таңдалған мамандық негізінде кәсіби өзін-өзі анықтауда «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім алушы студенттердің дайындығын қалыптастыру; болашақ түлектердің еңбек нарығына бейімделу және өндірістік тәжірибеден өту мәселелері бойынша жоғары оқу орны мен әлеуметтік серіктестердің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын анықтау. Шараға «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1 және 2 курс студенттері, «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ-ның өкілдері қатысты. Сакиева Анар, Бақтиярова Гүлжайна (РТ-15 қ/б) тәжірибелік сабақта дайындалған «Макет: Байланыс қаласы» және Қисмет Жалғас пен Ғұбашев Азамат (РТ-16-қ/б) дайындаған «Қолданыстағы қабырға стендісі: ЖОО мен телекоммуникация кәсіпорны арасындағы байланыс» тақырыбындағы еңбектерімен таныстырды. Шара барысында өндірістік тәжірибеден өту кезінде туындайтын мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды және Университеттің түлектері болып табылатын шақырылған қонақтар өздерінің еңбек жолдарымен бөлісті. Келген мамандар шараны

ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, студенттерге шығармашылық табыс тіледі.