«Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» атты дөңгелек үстел

20-қыркүйек күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын жүзеге асыру аясында «Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» атты дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстел жиынына ғылыми қызметкерлер, сарапшылар, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, магистранттар, студенттер және де облыс орталығы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Бұл шараға Атырау мұнай және газ университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер де қатысқан еді.

Жиын модераторы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымының докторы Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы ұтымды интеграциясы, халықаралық ұйымда Қазақстанды таныта білген еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың жемісті еңбегі екенін атап өтті.

Басқарма төрағасы – ректор, э.ғ.д. А.А.Абишев бұл тақырыптың өзектілігін айтып кетті және дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі.

Осыған орай саяси, экономикалық, сауда салаларының екіжақты және аймақтық байланыстарын трансформациялау тұрғысындағы Қазақстанның көпвекторлы саясатының өзекті мәселелері сарапшылар қауымының және дөңгелек үстел қатысушыларының талқылауына ұсынылды. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты тұрғысындағы энергетикалық қауіпсіздік басты назарға алынды.

Сонымен қатар, Елбасының жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамалары, Қазақстанның бітімгершілік миссиясы мен Мемлекет басшысының рөлі, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджінің мәні мен маңызы жеке қарастырылды.

Елбасы кітапханасының бірінші орынбасары А.М.Рахымжанов өткен белсенді шараның еркін және құрылымдық пікір алмасуы Егемен еліміздің дамуы үшін жақсы нәтиже болатынын айта келе, шара қатысушыларына алғысын білдірді.