Ректор кубогы атындағы спартакиада өз мәресіне жетті

          2018 жылдың 17-18 қаңтар аралығында АтМГУ Спорт кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру және профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттау мақсатында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Университетіміздің 5 командасы қатысқан спорттық жарыстардың нәтижесінде әр түрлі спорттық санаттарды орындап, жүлделі орындарға ие болды. 

Жарыс қорытындысы:  

Волейбол:

1-орын – Индустриалды-технологиялық факультетінің командасы;

2-орын – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің командасы;

3- орын – Әкімшілік командасы.

Шахмат:

1-орын  – Индустриалды-технологиялық факультетінің командасы;

2-орын  – Әкімшілік командасы;

3- орын – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің командасы.

Үстел теннисі:

1-орын  – Мұнай-газ факультетінің командасы;

2-орын  – Әкімшілік командасы;

3- орын – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің командасы.

Арқан тарту:

1-орын  – Индустриалды-технологиялық факультетінің командасы;

2-орын  – Мұнай-газ факультетінің командасы;

3- орын – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің командасы.

Пневматикалық мылтықтан ату:

1-орын  – Әкімшілік командасы;

2-орын  – Шаруашылық басқармасы командасы;

3- орын – Индустриалды-технологиялық факультетінің командасы.

«Спорттық отбасы – әкем, анам және мен» атты спорттық отбасылық эстафетада 1-орынды Әкімшілік командасының отбасы, 2-орынды Шаруашылық басқармасы командасының отбасы, 3-орынды Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультеті командасының отбасы жеңіп алды.

Спартакиадаға белсенді қатысқан оқытушылар мен қызметкерлерге Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т. Нұрпейісов «Белсенді қатысқаны үшін» дипломдарымен төмендегі қатысушыларды марапаттады:

  1. Жалғасбаева Ақмарал – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің деканы;
  2. Нартаев Мәулен – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің оқытушысы;
  3. Сәрсенғалиев Тұңғыш – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің оқытушысы;
  4. Құспанғалиева Гүлбаршын – 2 оқу ғимаратының коменданты;
  5. Байбатырова Ғалия – Экономика, бизнес және ақпараттық технология факультетінің оқытушысы;
  6. Исаева Сәуле – шаруашылық қызметкері;
  7. Баймұхатова Жанаргүл – шаруашылық қызметкері;
  8. Серік Нұрсұлтан – шаруашылық қызметкері.

Жалпы командалық есепте 3-орын – Әкімшілік командасына, 2-орын Мұнай-газ факультеті командасына берілді. 1-орынды Ректор кубогын Спартакиада жеңімпазы Индустриалды-технологиялық факультетінің командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!!! Жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!!!