Кураторлық сағат

Индустриалды-технологиялық факультеті «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Көлік және көлік техникасы технологиялары» мамандығының ТМО-18 қ/т бірінші курс студенттері ұйымдастырған кураторлық сағатта студент жастар өздері дайындаған материалдар негізінде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы ролі туралы ақпарат берді. Сонымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының маңызы, күні кешегі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы негізгі идея мен жүзеге асырылатын жобалар туралы ойларымен бөлісті. Өз кезегінде тәуелсіз елдің ұрпағы қазақтың қара домбырасының шанағынан күй төгілтіп, туған жер туралы ән де шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сөз алған студенттік топ кураторы Г.Е.Иманғалиева мен кафедра меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент Медетов Шоқан шараға қатысушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады және «Мәңгілік Елдің» іргесін қалайтын жастарға деген сенімнің мол екенін атап өтті.