STEM бағдарламасы бойынша курстың басталуы

Атырау мұнай жəне газ университетінде 30 қаңтарда «Заңғар» жобасы аясында «Болашақ Инжиниринг» Халықаралық жастар қорының «Шеврон» компаниясы жəне Атырау облысы əкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған STEM бағдарламасы («Робототехника», «Бағдарламалау», «Инженерия», «3D-модельдеу») бойынша тегін оқу курсы басталды. Өтініш білдірген жүзден аса студент төрт топқа бөлініп білім алуда. Жалпы көлемі 112 сағатты құрайтын курс аяқталғаннан кейін студенттерге сертификат беріледі.