«Күй атасы Құрманғазы»

29 қараша күні Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайы «Саналы ұрпақ» аудиториясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына негізінде қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Күй атасы Құрманғазы» атты дөңгелек үстел форматындағы кездесу өтті. Кездесуді «Экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп» кафедрасының топ кураторлары Сарсенғалиев Тұңғыш Кебекұлы мен Шайкенов Жанболат Шайкенұлы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына шара қонақтары – дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Түсіпқали Қадыржан, қазақ әдебиетінің жоғары дәрежелі маманы Үсен Лесбай Сауғабайұлы, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Құрманғазының өмірбаяны туралы мақала оқылып, күйлерінің тарихы туралы айтылды. Дөңгелек үстел қонағы Түсіпқали Қадыржан Құрманғазы күйлерінің тарихы жайында сыр шертіп, күйлерін орындады. Студенттер қонақтар айтқан Құрманғазы туралы көптеген деректермен танысып, өз өнерлерін паш етті. Құрманғазы күйлерінің тарихы бойынша көріністер көрсетілді.