«Көрісу Fest» мерекесі

Атырау мұнай және газ университетінде өткен  «Ашық есік күні» шарасы барысында арнайы қаламыздағы мектеп оқушыларына арнап, универдситеттің белсенді студенттері қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу мерекесін ұйымдастырды. Қазақстанның Батыс өңірі ғана тойлайтын көрісу мерекесінің шығу тарихы, мән-маңызы туралы кеште толық мәлімет ұсынылды. Университет кампусында ақшаңқан киіз үй тігіліп, келген оқушылар мен олардың оқытушылары университет ұжымымен көрісіп, мерекелік кешке ұласты. Киіз үйден дәм татқан қонақтар осы мерекеге арналған АтМГУ студенттік көркемөнерпаздары дайындаған сазды бағдарламаны тамашалады және ұлттық  ойындар ойналды.