«Елсана» клубында өткен дәріс

28 ақпанда «Ақжелкен» шығармашылық орталығының «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры «Қазақ хандығы-мұрағаттық деректер» тақырыбында «Елсана» руханият клубының алғашқы дәрісін ұйымдастырды. Дәріс Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы аясында өтті. Шараға «Елсана» клубының мүшесі ретінде біздің оқу орнымыздың оқытушылары, студенттері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Дәрісті АтМУ-нің т.ғ.д., профессор А.К. Ахмет оқыды. Дәріс барысында мұрағаттардан табылған қаланың ескі суреттері көрсетіліп, деректері келтірілді. Дәріс өте қызықты, әрі мазмұнды болды.