«АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишевтың ПОҚ-на арналған дәрісі

2018 жылдың 17 қаңтарында «АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишевтың дәрісі болды. Дәріске оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. А.А. Абишев әлемдегі алғашқы университеттердің қалыптасуы мен даму сатыларын айтып, университеттің мәртебесін алғаннан кейін қойылған міндеттер мен талаптарға тоқталып, оған жету үшін бүкіл ұжымның бірлескен үйлесімді жұмысы қажеттігіне ерекше тоқталды. Ол заманауи университеттің қандай болуы керек екенін нақты түсіндірді. Сонымен қатар, АтМГУ-нің студенттік кампусының даму жүйесіне кеңінен тоқталды. А.А. Абишев: «Егер бұрын университеттің ролі дәстүрлі болса, қазір ХХІ ғасырда университеттің ұғымы түбегейлі өзгерді. Кәсіптік біліммен қатар, көшбасшылық дағдыларды дамыту керек. Біз заманауи университетке сәйкес болуымыз керек», - деп қорытындылады.