Польшадағы IV халықаралық оқытушылар апталығындағы АтМГУ профессорының дәрісі

"ERASMUS +KA107" бағдарламасы шет елде мәдени тәжірибие жинап, өзге білім жүйесімен танысып және басқа мемлекет азаматтарымен достық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар бұл процесс халықаралық бірлестікті дамытуға да зор үлесін қосады.

Бұл күндері осы бағдарлама аясында «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ-ң «Мұнай-газ ісі» кафедарысының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Н.М.Ахметов Польшаның Лешно қаласындағы университетіміздің серіктес жоғары оқу орны Ян Амос Каменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебіндегі IV халықаралық оқытушылар апталығына қатысуда. Қазіргі таңда аталған шетелдік жоғары оқу орнында қазақстан, Армения, Украинаның белді жоғары оқу орындарының профессорлары Ян Амос Каменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебіндегі студенттерге дәріс жүргізуде. Аталған IV халықаралық оқытушылар апталығы шетелдік профессорлардың жергілікті оқу орындарындағы ПОҚ және студенттермен кездесулер өткізіп, дөңгелек үстелдерге қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасуларына көп септігін тигізеді.

Апталықтың алғашқы күнінде шетелдік лекторлар Константин Мазурмен бірге университет және ескі қала бойынша экскурсия жасап, оқу және студенттік жұмыс жөніндегі проректор Доротой Сипиньскпен кездесіп, университет зертханаларымен танысты.