Өнеркәсіп мамандарының дәрісі.

04.01.17ж. АтМГУ «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының жоғарғы курс студенттеріне  Атыраудағы «Теңізшевройл» компаниясының бас инженер-технологы Мумынов Нұрдәулет Асқарұлы  дәріс оқыды.  Өнеркәсіп мамандарының студенттерге арналған дәрісін «Химия және химиялық технология» кафедрасы ұйымдастырды. Бас инженер-технолог студенттерді кенорнындағы мамандарға қойылатын талаптармен және  ережелермен таныстырды. Сонымен бірге лектор жалпы ТШО компаниясындағы техника қауіпсіздігіне  өте жоғары талап қойылғанын және қазіргі таңда  үшінші буынды зауыт құрылысының қарқынды жүріп жатқанын, ең бастысы кенорнындағы жұмыстың технологиялық үдерісі туралы кеңінен айтып берді. Лектордың материалдары слайдт түрінде көрсетіліп, қатысушы студенттердің қызығушылығын арттырды. Дәріс соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді. Осындай дәрістер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермекші.