«ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ» ЖШС бас директорының орынбасары А.В.Свешниковтың дәрісі

11.05.18ж. Атырау мұнай және газ универсиететінің ректоры А.А.Абишевтің қабылдауында «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орынбасары А.В.Свешников болды. Кездесу барысында АтМГУ басқарма төрағасы-ректор оқу орнының қазіргі таңдағы жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ бас директорының орынбасары А.В.Свешников өз кезегінде оқу орнымен бірлесіп атқаруға болатын жұмыстар жөніндегі ұсынысын білдірді. Атап айтсақ, біріншіден АтМГУ-ғы жақсы жолға қойылған дуалды білім беру технологиясы бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ-да университет студенттерін 0,5 жүктемеде жұмыспен қамтып, бірлесіп ғылыми бағытта ізденіс жұмыстарын жүргізетін мамандарды дайындау ісі; екіншіден «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-гі білікті де білгір, тәжірибесі мол жобалық институт мамандарының оқу орны студентеріне арнайы дәрістерін ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен бірге университет жанындағы Каспий ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар да талқыланды. Кездесуден соң А.В.Свешников оқу орнының материалды-техникалық базасымен, ғылыми-зертханаларымен танысты. «ҚазМұнайГаз» » өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ бас директорының орынбасары Свешников Андрей Владимирович мұнай-газ факультетінің студенттері мен жас оқытушыларына арналған«Мұнай-газ өндірудің қазіргі заманауи технологиялары» атты дәріс оқыды.