«Рухани жаңғыру және жастар» атты дәріс-сұхбат

2019 жылы 11 сәуір күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің менеджері, тарих ғылымдарының кандидаты Ермағамбетова Әния Үржімбайқызы университеттің 1-курс студенттеріне "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасына 2 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру және жастар» атты дәріс-сұхбат өткізді.

Дәрістің мақсаты –Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты студент-жастардың пікірлері мен көзқарастырын білу, қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында өңірде жүргізіліп жатырған іс-шаралармен таныстыру, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын бірлесе отырып жүзеге асыруға шақыру.

Дәріс-сұхбат барысында студенттердің аталған мақаламен жақсы таныс екендігі, осыған байланысты Елбасының жастардан қандай нәтиже күтетіндігін түсініп және соған сәйкес атқарылып жатырған шараларға атсалысып жатқандықтары белгілі болды.

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша негізгі басым бағыттар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығын дәріптейтін іс-әрекеттер мен жобалардың мазмұны қандай болу қажет деген сұрақтарға ортақ пікірлер айтылды.

Жобалық кеңсенің менеджері Ә.Ермағамбетова Атырау облысында «100 жаңа есім», «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» жобалары бойынша атқарылған шаралардың нәтижелеріне жеке тоқтала келіп, жастарды осы бағыттағы жұмыстарға белсенді араласуға шақырды.

Өлкемізден Қазақстанға танымал болған Ерлан Күмісқалиев, Әсемгүл Оразаева, Ержан Сәлімгереевтердің тұлғалық қасиеттері, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер студенттердің тарапынан қызығушылықтар туғызды.