АтМГУ-не облыстың ең үздік спикерлері жиналды

2018 ж. 10 наурызында Атырау мұнай және газ университетінде облыстық ауқымды «Gibrat Cup» пікірталас турнирі өтті. Ауқымды шараны ұйымдастырушылар-университетіміздің «Ғибрат-Лидер» пікірсайыс студенттік клубы. Университетіміздің спикерлері бұл сайыста әділқазылар алқасы ретінде сайыстың төрелігін жүргізді. Сайысқа 20-дан астам команда қатысты. Жеңімпаз команда республикалық сайыста облыс намысын қорғайды.