АтМГУ-гі оқушылар арасындағы математикалық олимпиада

  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында Атырау мұнай және газ университетінде кәсіптік бағдар беру мақсатында Атырау қаласы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен дәстүрлі жыл сайын өтетін пәндік олимпиаданың І туры басталды. Олимпиадаға қаланың 30 мектебінен 271 оқушы қатысуда. І тур қорытындысы бойынша 75%-дан артық ұпай жинаған үміткер ІІ турға өтеді. Пәндік олимпиаданың ІІ туры ақпанның 24-нде өтеді. ІІ тур қорытындысы бойынша жүлделі 1,2,3 орындарға ие болған оқушыларға Атырау мұнай және газ университетіне оқуға түсер кезде жеңілдіктер қарастырылған: І орын – университет гранты, ІІ орын – 30% жеңілдік, ІІІ орын – 15% оқу ақысына жеңілдік.