Халықаралық марафон

      2017 жылдың 27 тамызында Астана қаласында ЕХРО- 2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесіне орай ұйымдастырылған 1-ші Астаналық халықаралық марафон өтті.

      Марафонның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі  А. Мұхамедиұлы мен ҚХР бас хатшысы Гуан Чжун қатысушыларды  құттықтап, сәттілік тіледі. Марафонға әлемнің 25 елінен спортшылар қатысып, 2,10,42км 195см қашықтыққа жүгірді. 

       Марафоншылар медальдар мен сертификаттармен марапатталып, 100-ден 13 000 доллар аралығындағы ақшалай сыйлықтарға ие болды.  

       Атырау қаласынан Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Асқар Қазиев пен баласы Әлібек Қазиев қатысты. Біздің спортшыларымыз 10км қашықтықта сәтті мәреге жетті.