Жеңіс тұғырында АтМГУ студенттері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің қолдауымен 4 қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында  «Мемлекеттік қызмет – қоғамға және әрбір қазақстандыққа қызмет ету – қызметтің ерекше түрі» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Аталған пікірсайыс ойынына АтМГУ командасы төмендегідей құрамда қатысты: Мұхамбетқали Санжар  (АжБ-17о/т) және Аллаберген Құралай (Құрылыс-17 қ/т). Атырау мұнай және газ университетінің «Ғибрат-Лидер» пікірталас клубының студенттері бірнеше топтың арасынан ой зеректігімен,  ұшқыр жауаптарымен, тұшымды тұжырымдарымен ерекшеленіп, жүлделі бірінші орынды, яғни сайыстың кубогын иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрінген студент жастарымызды құттықтаймыз және алар асулары мен бағындырар биіктері көп болғай дейміз.