«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ғылыми-практикалық конференция

22 қараша күні Атырау мұнай және газ университеті жанындағы Каспий зерттеу институты мен Мұнай-газ факультеті бірлесіп  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Ғылым, білім  және инновация дамуы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысының негізгі мақсаты- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ғылым, білім және инновацияның атқаратын ролін көрсету  және перспективалық бағыттарын анықтау. Конференция модераторы, мұнай-газ факультетінің деканы техника ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ә.Шұғаепов конференцияға қатысушыларды таныстырып, конференция жұмысының негізі мақсатымен таныстырды.

Алғашқы болып сөз алған АтМГУ ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор А.Е.Воробьев конференцияға қатысушыларды құттықтап, конференцияның 2 тараудан тұратынын атап өтті. Яғни, бірінші тарау-Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасына сәйкес қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамбетовтың студенттерді тәрбиелеу ісіндегі рөлі туралы, ал екінші бөлім дамыған ғылым, білім  және инновация арқылы қоғамның саналы тұлғасын қалыптастыруға қатысты баяндамалар жинақталғанына тоқталды.

Конференцияны қорытындылаған факультет деканы, т.ғ.к., доцент Н.Ә.Шұғаепов бұл аталған жұмыстардың ары-қарай өз жалғасын тауып, үздік деп танылған жұмыстардың университеттің ғылыми журналы  «Хабаршы-Вестник» басылымына енгізуді ұсынды.