Қоғамдық көліктегі жаңа жүйе

15-қыркүйек күні Атырау қаласындағы 5 және 14-нөмірлі автобус маршруттарында алғаш рет электронды билетке арналған ұялы құрылғылар жүзеге асырылды.

Осыған орай қала тұрғындарының басым көпшілігін құрайтын студент жастарға электронды билет жүйесі туралы ақпарат беру мақсатында арнайы қаламыздағы оқу орындарының студент жастарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта «Smart - ЖКХ» мекемесінің өкілдері Атырау мұнай және газ университеті студенттерімен 13-қыркүйек күні Студенттер сарайында кездесті.

«Smart- ЖКХ» мекемесі өкілінің айтуы бойынша, наурыз айының басынан бастап облыстық орталықтарда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық көліктерде жолақыны төлеу жүйесі бойынша жұмыс басталған еді. Дәл қазіргі уақытта «Smart-ЖКХ» мекемесі 6 тасымалдаушы компаниямен келісімге отырған және осыған орай 1-қазаннан бастап 200 электронды құрылғыны барлық автобус қызметкерлеріне беруді жоспарланғанын жеткізді.

Электронды билет жүйесін енгізудің басты мақсаты – қоғамдық көліктердегі жұмыстың тазалығы мен ашықтығы деп түсіндірді.

Осылайша, валидатордың көмегімен автобустағы жолаушылардың санын, олардан түскен барлық соманы автоматты түрде есептейді және бұл ақпараттарды электронды базаға енгізеді. Жаңа жүйенің енгізілуіне байланысты алдағы уақытта қоғамдық көліктердегі жұмыс жасау жүйесі, автобус қызметкерлерінің айлық жалақысы, тасымалдаушы мекемелердің кірісі, сонымен қатар бюджетке түсетін салық түсімдері жақсарады деп жоспарлануда. Бұдан өзге қоғамдық көліктерді жақсы пайдаланғанның әсерінен автобустың техникалық жағдайы, оны пайдалану мерзімі ұлғаяды.

Электронды билет жүйесі Астана және Алматы қалаларында оффлайн режимде енгізілгенін еске сала кетейік. Жаңа жүйеге қатысты студент жастар қатысушы мекеме өкілдеріне өз сұрақтарын қойды. Осылайша электронды билет жүйесін түсіндіруге келген мекеме өкілдері студент жастарға жеткілікті түрде түсіндірме жүргізіп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.