Балаларға арналған Жаңа жылдық шырша

2018 жылы 27 желтоқсан күні Атырау мұнай және газ университетінің ұйымдастыруымен денсаулығының дамуында ауытқулары бар балаларға қолдау көрсету мақсатында университет базасында Жаңа Жылдық шырша өтті.

Жаңа жылдық шырша кезінде аниматорлардың қатысуымен театрландырылған қойылымдар қойылды. Ескі жылды сомдаған кейіпкерлер қоштасқаннан соң, жаңа Доңыз жылының бейнесінде келген аниматорлар балалардың көңіл-күйін көтеріп, ойын ойнатып, би билетіп, қызықты өткізді.

Шара барысында АтМГУ атынан денсаулығында ауытқулары бар 27 балаға арнайы сыйлық табысталды.