Балаларға арналған Жаңа жылдық шырша

 «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ  бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шырша мерекесін жылда өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да театрландырылған жаңа жылдық шыршаға Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің бүлдіршіндері қатысқан Жаңа жылдық шырша 26.12.17ж. Студенттер сарайында аталып өтті. Жасыл шыршаға жиналған балалар мен ертегі кейіпкерлері  түрлі қызықты ойындар ойнатып, бірігіп би билеп, бүлдіршіндерге көтеріңкі мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал жаңа жыл шыршасының басты кейіпкерлері-Аяз ата мен Ақшақар қатысушы балалардың ортаға салған өнерлеріне тәнті болып  базарлық таратып, шыршаның сәнін келтірді. Балалар да өз кезегінде таңғажайып оқиғаларды күтетін ертегі мерекесіне өздері ұнататын кейіпкерлердің   карнавалдық киімдерімен ерекше сән берді.