Облысымыздың ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды

2019 жылдың 5 қыркүйек күні Атырау облысының ардагерлері Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында орнатылған Сафи Өтебаевтың ескерткішіне тағзым ете келді. Мұнайшылар күніне орай арнайы келген ардагерлер Мұнай ата ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кездесу соңында естелік суреттерге түсті.