Қалалық сенбілік

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Атырау мұнай және газ университетінің ПОҚ мен қызметкерлері және студент жастары  қалалық сенбілікке ұйымшылдықпен қатысты.

Университетіміздің 200-дей студенттері кураторларымен бірге арнайы автобуспен   барып, Ақсай, Мирный селолық округтерінде және  Контейнерный мөлтек ауданында  тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала сыртында жұмыс істеген студенттерді ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Оқу орнының  өзге профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттері Вокзал маңында орналасқан студенттік кампусты тазалау, әктеу, сырлау сияқты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Каспий зерттеу инситутының қызметкерлері Азаттық №1 алаңындағы оқу ғимаратында  тазалау жұмыстарын жүргізді.