ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Жоғары оқу орындарының түлектері мен жоғары білімі бар адамдардың назарына!

         2018 жылы Атырау облысының Әкімдігі мақсатты білім беру гранттарын тағайындайды және «Астана» халықаралық ғылыми кешенімен (ХҒК) ынтымақтаса отырып М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасында келесі бағыттар бойынша жоғары білікті Магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндік береді:

  • Экология және табиғатты басқару
  • Менеджмент және экономика
  • Қолданбалы математика және информатика.

 

Білім беру М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің стандартары бойынша «Астана» ХҒК базасында орналасқан аталмыш жоғары оқу орнының қазақстандық филиалында (Астана қ.) жүргізіледі. 

  • :
  • Бітірушілер М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің беделді дипломын алады. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.
  • Атырау облысы Әкімдігі грантының негізінде тегін оқыту
  • Оқыту Астанада жүргізіліп, жатақханамен қамтамасыз етіледі.
  • Магистранттардың оқу бағдарламасының аз ғана бөлігін (оқу бағдарламасы аяқталғанға дейін 3 ай уақыт аралығында тағылымдама ретінде) Мәскеудегі ММУ-нің факультеттерінде жалғастыру мүмкіншілігі.
    • :
  • Магистратурада оқу үшін бакалавриат немесе жоғары білімі бар маман дипломы бар Қазақстан азаматтары қабылданады.
  • Оқуға жазбаша емтихандар қорытындысы бойынша конкурстық негізде қабылдау.
  • Байқаудан өтпеген, бірақ тиісті балл жинаған үміткерлер өз есебінен оқу үшін қабылдануға толықтай мүмкіндіктері бар.

 

Атырау облысы Әкімдігінің Мақсатты грантын алу шарттары:

  • Келісім шарт жасасу.
  • Оқу біткен соң міндетті түрде грант берілген жақта жұмыс істеу.
  • Қазақша және орысша екі тілді де қатар білу.

 

Магистратураға түсетіндер келесідей құжаттар пакетін тапсырады:

  1. М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына жазылған жеке өтініш толтырады (құжаттарды беріп жатқан мезгілде).
  2. Түсушінің жеке тұлғасын куәландаратын құжаттың көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы қосымша түрде көрсетіледі).
  3. Түсушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың орыс тіліндегі аудармасының нотариалды расталған (қажет болған жағдайда) нұсқасы.
  4. Ресейдің бакалавр дипломы немесе маман дипломымен эквивалентті деп мойындалатын жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған берілетін қосымша (жоғары оқу орнынан берілген транскрипт).
  5. Мемлекеттік аккредитацияның ксерокөшірмесі (мемлекеттік емес жоғары оқу орындары үшін).
  6. Өлшемі 3×4 фотографиясы (бас киімсіз 2018 жылда түскен түрлі түсті суреті).
  7. 086-у және 063-у формалардағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті (жарамдық мезгілі жарты жылдан аспаған болуы керек).

 

          Мақсатты грантты алу конкурсына қатысуға тілек білдіргендерді ТІРКЕУ 2018 жылдың 14 мамыры мен  19 шілдесі аралықтарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында орналасқан «Астана» ХҒК Каспий институтының филиалында  келесідей мекенжайда жүргізіледі:

Атырау қ., Студенттік даңғылы, 1 үй, 126 кабинет.

 

Анағұрлым толық ақпаратты сіз келесідей байланыстар арқылы ала аласыз:

          - Атырауда

          Тел.: + 7- (7172) -241850, + 7-701-9974263, + 7-775-1110666

          WHATSAPP: + 7-701-9974263, + 7-775-1110666

          E-mail:

          - Астанада

          Тел.: +7-(7172)-243668, 241850,  +7-708-9704837, +7-702-2220287

          WHATSAPP: +7-708-9704837, +7-702-2220287

          E-mail: ,

 

          Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымында басталып, 19 шілдесінде аяқталады.

          Қабылдау емтихандары ағымдағы жылдың 20 мен 24 шілдесі аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарының бағдарламалары және абитуриенттер үшін магистрлік бағдарламалар жөніндегі қосымша ақпарат М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандағы филиалының келесідей сайтында орналасқан: www.msu.kz