Шет елде білім алуға қабылдау туралы хабарландыру

Құрметті Атырау мұнай және газ университетінің студенттері!

Сіздерді 2018-2019 жылға арналған «Академиялық ұтқырлық аясында шет елде білім алу» бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Қабылдау Lane Community College-ге (Юджин қ., Орегон штаты, АҚШ) жүріп жатыр.

Барлық шығындар студенттің өз қаражатынан төленеді.

Бағдарламаға қатысу өтініштері «Академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары басқармасында» қабылданады.

Орналасқан жері: Баймұқанов көшесі, 45А, АтМГУ, 9-ғимарат, №204 кабинет.