Күзгі бал-2018

Атырауда облыстық күзгі бал шарасы өтті. 11 жоғары және арнаулы оқу орнының 150-ге жуық студенті бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде көрермендер әр жұптың дайындаған бейнероликтерін тамашалады. Ал креативті өнер сайысында қатысушылар еркін және шоу түрінде шығармашылықтарын ортаға салды, Атырау облыстық "Күзгі бал-2018" байқауында АтМГУ-ң намысын 
Қоныспаев Ануарбек пен Елемесова Асылай қорғады. 
Сайыс қорытындысы бойынша өз қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, жүлделі 1 орынды иеленген Атырау мұнай және газ университетінің студенттері Қоныспаев Ануарбек (АжБ-18) мен Елемесова Асылайды (АжБ-17) құттықтаймыз!