«№ 1 округ» бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы

2018 жылдың 21 қыркүйегінде«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының «№ 1 округ»  бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы өтті. Жиналысты «№1 округ» аумақтық БПҰ төрағасы Абишев Али Ажимұлы жүргізіп отырды. Жиыннның күн тәртібінде қаралған мәселелер: «№1 округ» аумақтық бастауыш партия ұйымың 2016-2018 жылдардағы атқарылғанжұмыстарының есебі; «№1 округ» аумақтық бастауыш партия ұйымының төрағасын, Бюро мүшелерін сайлау; Бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын сайлау; «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.

     Партияның елеулі жұмыстарына өз үлесін қосып келе жатқан Атырау мұнай және газ университетінің «№ 1 округ»  бастауыш партия ұйымының қатарында  550 адам бар.  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының «№1 округ» аумақтық бастауыш ұйымының 2016-2018 жылдарда атқарылған жұмыстарының есебі бойынша «№1 округ» аумақтық бастауыш партия ұйымының төрағасы Абишев Али Ажимұлы баяндама жасады. Өз баяндамасында бастауыш партия ұйымының жыл бойына атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат берді.  «Ардагерлерді ардақтайық», «Мектепке жол», т.б. әлеуметтік жобаларға тікелей атсалысып, білім беру саласындағы жетістіктер және тәрбие бағытында партия мүшелерімен өткен кездесулер мен дөңгелек үстелдерге тоқталды. «№1 округ» аумақтық бастауыш партиясы ұйымының мүшелері Нұрпейісов Ербол Темірғалиұлы мен Өтелбаев Карим Тоқтарұлының баяндамасына оң баға бере отырып, «жастарды колдау» мәселесін қозғады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстары мақұлданды. Сонымен бірге  «№1 округ»  бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасарлығына Нығметов Болат Сырымұлы тағайындалып, жауапты хатшылыққа Маниев Жәнібек Құралбекұлы қабылданды.