АтМГУ ҚХА кафедрасының №22 мектепте ашылуы

Атырау мұнай және газ университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы қала мектептерімен ынтымақтастықты кеңейтуде. Ағымдағы оқу жылында Ә.Молдағұлова атындағы №22 мектепте кафедра филиалының ашылуы жоспарлануда. 6 қараша күні алдын ала белгіленген келісімдер мен келіссөздерден кейін Атырау мұнай және газ университетінің бастамашыл тобы аталған мектептің оқытушыларымен және оқушыларымен кездесті.

АтМГУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Садыкова Л.К. аудитория алдында құттықтау сөзін айтып, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының пайда болу тарихы, оның қалыптасу кезеңдері және елдің дамуындағы рөлі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, жаңа әлеуметтік институттар ретінде еліміздің жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедралары туралы, сонымен бірге талқыланатын саладағы оқушылар мен педагогтар қызметінің болжамды бағыттарын сипаттады.

ҚХА кафедрасының бастамасын АтМГУ Көшбасшылық орталығы (Имандосов А.Х.) және студенттік көшбасшылары, жоғары оқу орындарындағы жастар құрылымының басшылары, сондай-ақ Юсупов Қуаныш, Каким Нұролла, Сисенов Әділет, Курумбаев Айбек, Богдашов Владислав, Бағдатов Бибарыс, Туралиев Дархан, Муналов Еламан секілді университет белсенділері қолдады.

Шын жүректен айтылған ақжарма ниетті сөздер оқушыларға керемет әсер қалдырды және оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызып, түрлі ұсыныстарға қолдау білдірді.