АтМГУ-да «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

2018 жылы 12 желтоқсанда Атырау мұнай және газ университеті базасында «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» республикалық жобасы аясында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Жобалық кеңсе ашылуының салтанатты жиынына Атырау облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Серік Жамбылұлы Шапкенов;  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы; Мемлекеттік орган жетекшілері; ҮЕҰ, БАҚ өкілдері; ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов, сондай-ақ АтМГУ қызметкерлері қатысты.

«Атырау – адалдық алаңы» жобасының мақсаты сыбайлас жемқорлықты азайту, оны жалпыға ортақ қабылдамау, сонымен бірге Атырау облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады. Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз қызметін жүзеге асырады.