Есіл өзеніндегі «Атырау көпірінің»мерекелік ашылу салтанаты

«Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің  төрағасы, «KAZENERGY» қауымдастығының төраға орынбасары, Қазақстанның  Еңбек Ері Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин Астана қаласының 20 жылдық мерейтойында Атыраулықтар атынан сыйға тартылған  велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің  ашу салтанатына қатысты.

АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер мен қызметкерлері де заманауи үлгіде, озық технологияны пайдалана отырып салынған жаңа көпірдің Елордалықтар мен Астана қонақтарына мүлткісіз қызмет етіп, халық игілігіне айналуына тілекші. 

Нысанның жалпы ұзындығы - 313,5 метр, ені - 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы - 1920 тонна.