Кіші аяқ доп біріншілігі

2019 жылдың 4 сәуір күні 2018 жылдың қарашасында басталған кіші аяқ доптан «Студенттік лига 2018-2019ж.» өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 15 ойыншыдан 14 команда қатысып, әр команда бір-бірімен өз ойындарын көрсетті. Біріншіліктің қорытындысы бойынша «Студенттік лиганың» 3-ші орнын «Жас Атырау» командасы алды. 2-ші орынды «Барс Атырау» командасы иеленсе, 1-ші орын мен чемпион атағына 2 жыл қатарынан жеңімпаз атанып келе жатырған «АтМГУ» командасы ие болды.

Сондай-ақ командалардың ойыншылары ең үздік номинациялар бойынша да марапатталды. Атап айтсақ, үздік қақпашы – Есенгенжин Файзолла (МГІ-17 қ/б АКБ), үздік қорғаушы – Хабибуллин Фархад (ТТТ-14 қ/б), үздік шабуылдаушы – Сәлімгереев Мирас (МГІ-16 қ/б), техникалық шеберлігі үшін – Марденов Артур (МГІ-18 қ/б АКБ), үздік капитан – Сатанов Санжар (МГІ-18 о/б), үздік бомбардир – Әлжанұлы Ерасыл (ЭЭ-17 қ/б) және Бисембайұлы Рамазан (ТТТ қ/б) «MWP» ең құнды ойыншысы болып танылды. Сонымен қатар айтып өту керек, өз командаларына қолдау көрсетіп келген РТ-16 қ/б тобы студенттері Қалымова Айдана, Мұратова Балсан, Тілек Бақыт, Еламанова Айдана мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті тортқа ие болды.

Марапаттау рәсіміне АтМГУ Стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректоры Нұрпеисов Ербол Темірғалиұлы қатысып, сайысқа қатысушы студенттерге өз алғысын білдірді, сонымен бірге спорттың әр адамның өмірінде алатын орны туралы айтып өтті. Студенттерді Жастар жылына орай ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара кезінде командалар дипломдармен, төсбелгі және кубоктармен марапатталып, үздік ойыншылар статуэткаларға және мақтау қағаздарына ие болды. Аталған шараны «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушылары Қайруллин Серікқали Сапарғалиұлы және Өтепбергенов Азамат Якупұлы ұйымдастырып, ойынға төрешілік жасады.

  

  

  

  

  

  

  ]