"Parli Italiano" Италия тілі клубының бірінші сабағы

Атырау мұнай және газ университетінде Италия мемлекеті елшілігінің демеушілік қолдауымен «Планета» халықаралық келіссөздер кабинеті жұмыс жасауда. Бұл кабинетте «Parli Italiano» итальян тілі клубы мен «English club» ағылшын тілі клубының сабақтары жүргізіледі.

     Итальян тілі – әлемдегі ең танымал тілдердің бірі. Соңғы зерттеулерге сәйкес ағылшын, француз, испан тілдерінен кейін төртінші орынды иеленген. 3 қазан күні АтМГУ-нің студенттерімен «Parli Italiano» итальян тілі клубының бірінші сабағы болды. Сабақты Италия елшілігінің волонтеры Мариса Зипаро жүргізді. Ол алдымен итальян тілінің тарихына қысқаша тоқталып өтіп, әліпбиімен, сәлемдесу түрлерімен таныстырды. 

Студенттер аса қызығушылық танытып, бейтаныс итальян тілін меңгеруге ден қойып отыр.