№ 17 мектеп-лицейде АтМГУ ҚХА кафедрасының филиалын ашу туралы меморандумға қол қою

2 мамырда № 17 мектеп-лицейде Атырау мұнай және газ университетінің ҚХА кафедрасының филиалын ашу туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды. АтМГУ ҚХА кафедрасы мен мектеп-лицей арасындағы ынтымақтастық ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды. Бұл ұйымдастыру мәселелерін талқылау, университетпен ұйымдастырылған кездесулер, іс-шаралар (мысалы, Сталинград шайқасына арналған кездесу, «Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту – жастар көзімен» тақырыбындағы дөңгелек үстел, АтМГУ Әскери даңқ залына экскурсия ұйымдастыру және т.б.); мектеп-лицеймен ұйымдастырылған шаралар (Қазақстан халқы Бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы» фестивалі); сонда-ақ бірлескен шаралар (Наурыз мерекесіне арналған «Қазақстан: бірлік пен татулықтың мекені» атты сауалнама).

  

Бірлесіп жұмыс жасау жолында сәттілік тілейміз!