Халық жұлдызы сөнді. Қош бол, чемпион!

Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы талантты мәнерлеп сырғанаушы, белгілі қазақстандық спортшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге барлық қазақстандықтармен бірге орны толмас өкініш білдіре отырып көңіл айтады. Оның қайғылы қазаға ұшырауы тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл спорт әлемін дүр сілкіндірді. Оның Қазақстанда мәнерлеп сырғанау мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спортты жоғары деңгейде дамытуға қосқан елеулі үлесі, оның жетістіктері біздің жадымызда мәңгіге қалады. Ол өте талантты, жан-жақты дамыған тұлға еді. Соған қоса ол көңілі ашық-жарқын, жаны таза, өз елінің нағыз патриоты және жастарға үлгі бола білді. Ол біздің жүрегімізде мәңгіге қалады! Денистің жақындары мен туысқандарына көңіл білдіреміз.