Оқу жылы алдындағы көмек

Оқу жылы алдындағы көмек

         «Нұр Отан» партиясы  Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен дәстүрлі  «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясына  КЕ АҚ  «Атырау Мұнай және газ университеті» де өз үлесін қосты.

         Акцияның   басты  мақсаты- аз қамтылған  және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды  жаңа оқу жылына  дайындау үшін көме көрсету.

         Университет  тарапынан  көпбалалы  ана  Мұратова Айдананың  отбасына заттай және қаржылай  көмек  көрсетілді. Отбасында тәрбиеленіп жатқан 4 баланың 3-еуі  мектеп жасындағылар. Балалар  университет ұжымы сыйға берген  жаңа   оқу құралдарын  алып,  өз қуаныштарын жасыра алмады. Өз кезегінде ата-ана да университет әкімшілігіне көрсеткен көмектері үшін  ризашылығын білдірді.