ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің сарапшылар тобы 2018 жылдың 23-25 мамыр күндері аралығында  «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ  сыртқы аудит жүргізген еді.  АтМГУ КеАҚ -ды институционалды аккредиттеу аясында өзін-өзі бағалау туралы есеп пен сыртқы аудитті талдау нәтижелері бойынша сыртқы сарапшылар тобы әр стандарт бойынша сәйкес деп танылды.  

Қорытындысы бойынша институционалдық аккредиттеу туралы   куәлігін иеленді. Ұжымды жетістіктерімен құттықтаймыз және әрдайым сапа биігінен көрінуге тілекшіміз!