ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Атырау мұнай және газ университетінің бір топ профессорлық – оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомствалық наградаларымен марапатталды.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Дуалды оқыту факультетінің деканы–Ж.Қ.Жантурин; Экономика,бизнес және ақпараттық технология факультетінің деканы – А.А.Жалғасбаева; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі–Б.С.Нығметов, Өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі–Ш.Қ.Қоданова, Технологиялық машиналар және көлік кафедрасының доценті Р.А.Агисановаға салтанатты түрде министр Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасы табысталды.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР БҒМ министрі Е.Сағадиевтің алғыс хатымен Мұнай-газ кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Сәрсенов; АтМГУ мұражай меңгерушісі А.Б.Тұрниязова; оқу-әдістемелік басқармасының жетекші маманы А.С.Айжарикова; заң кеңесшісі Е.А.Садыков және №4 студенттік жатақхана меңгерушісі С.Ө.Унбаева марапатталды.

Марапат игерелерін құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілейміз.