Балаларға арналған мереке

 Балаларды қорғау күні мерекесіне орай 2018 жылдың 31 мамырында  Атырау мұнай және газ университетінің  Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұжымның оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған спорттық іс-шара ұйымдастырды. Түрлі ойындар, жарыстар өткізілді, барлық қатысушылар белсенділік танытты. Балалар өте көңілді, қызықты және  де ең бастысы уақыттарын пайдалы өткізді. Өздеріне тамаша естеліктер қалдырды, Балалардың әсерлерін және жақсы көңіл-күйін көргенде, «Мереке сәтті өтті» деп мақтанышпен айта аласың. Шараның соңында барлық балалар ескерткіш сыйлықтарға ие болды.