Ұрпақтар сабақтастығы

Атырау мұнай және газ  университетінің бір топ қызметкерлері Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгі өшпес полк» акциясына қатысты. Дәстүрлі акциясының мәні – бізге осы жеңісті, яғни өмірді сыйлаған біздің ата-әжелеріміздің ерлігін болашақ ұрпақтардың зердесінде сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Аталған іс-шараның мақсаты – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің бейбітшілік жолында жасаған ерліктерін дәріптеу.

Бұл майдангерлерге құрмет көрсетудің жарқын үлгісі іспеттес.
Өз ата-бабасы, әжесі немесе әкесі туралы зердесін мәңгі есте қалдырғысы келген әрбір адам бүгінгі күні Атырау облысындағы жыл сайын өткізілетін шараға қатысып, майдангерлерге  құрмет көрсетті.  Негізі университеттің ұжымы оқу орнындағы «Әскери даңқ» залындағы жауынгерлердің, университеттегі қызметкерлердің өз туыстарының фотосуреттерін салтанатты шеруге алып шығып, дәстүрлі акцияға белсенді қатысып келеді.