Еліміздің мұнай өндіру саласының жетекші жоғары оқу орнында білім алуға шақырамыз

Атырау – Қазақстанның мұнайлы астанасы. Атырау мұнай және газ университеті мұнай-газ саласына кәсіби білікті мамандар даярлайтын бірден бір жоғары оқу орны.

Егер Сіз кәсіби  білікті де сапалы білімді маман болғыңыз келсе, Сіздің ғылыммен айналысуыңызға, зияткерлік дағдыңызды дамытуға,  шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістікке жетуіңізге, шетелдің жоғары оқу орындарында қосымша білім алуыңызға, дуалды бағдарламамен оқуыңызға барлық мүмкіндікті жасайтын  білім ордасына  келіңіз! Атырау мұнай және газ университеті Сізді оқуға шақырады!

Атырау мұнай және газ университетінің қабылдау комиссиясы 1 маусымнан бастап 2018-2019 оқу жылына құжаттар қабылдауды бастады.

Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша ала аласыз: Баймұқанов к, АтМГУ Студенттер сарайы, 1-қатар, тел: 8 (7122) 36-70-15

1-20 маусым. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау.

23-31 шілде. Білім беру гранттарын тағайындау байқауына қатысу үшін өтініштер қабылдау.

25 шілде- 3 тамыз. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау.

15-19 тамыз. Қайта кешенді тестілеу.

10-20 желтоқсан. Шартты түрде қабылданған тыңдаушылар үшін қосымша кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау.

20-24 қантар. Шартты түрде қабылданған тыңдаушылар үшін қосымша кешенді тестілеу.