Қуаныштың ізгі ісі

2017 жылдың 14 қарашасында Атырау мұнай және газ университетінің мұражайында  «Электроэнергетика» мамандығының 3 курс студенті (о/б) Юсупов Қуанышпен кездесу болды. Бүгінде Қуаныш Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тауып, белгісіз қалған қазақстандықтарды табу үшін, ТМД және алыс шетелдердегі іздестіру топтарымен тұрақты байланысып, жауапты, әрі сауапты іс атқарып жүр. Кездесу барысында Қуаныш өз қызығушылығы туралы және биылғы жылы іздеу тобының көмегімен тағы екі сарбаздың қалдықтарын тапқандығы туралы айтты. Қуаныштың осындай игілікті істері туралы «Прикаспийская коммуна» газетінде мақала жазылды. Оның бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, кедергілерге қажымай, қарсы тұра білетін өмірлік ұстанымы кім-кімге де үлгі етуге тұрарлық.