Туберкулез және оның алдын алу

Туберкулез, алдын алу, темекі шегу
Аталған тақырыпта ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Атырау мұнай және газ университеті студенттеріне  Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті өкілдері дәріс оқыды. 
Қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің өкілі Айсұлу Досқалиева алдымен аудиториядағы студенттердің жалпы туберкулез ауруы туралы не білетіндігін сұрап, білді. Өз кезегінде студенттер туберкулез туралы өз білгендерін, яғни жөтелу, дене қызуының көтерілуі, жұқпалы (ауа арқылы) ауру,асқа тәбет нашарлауы, әлсіздік, салмақ тастау,т.б. сияқты негізгі белгілерін атап өтті.
Келген мамандар жалпы қазіргі қоғамдағы осы дерттің етек алу себептерінің факторларына тоқталып, студент жастарды осы туберкулездің алдын алу шараларымен таныстырды. Ол-салауатты өмір салтын ұстану, яғни дұрыс тамақтану, үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы демалу, салауатты қоршаған орта, темекі шегуден, алкогольден бас тарту, есірткіден бойларын аулақ ұстау сияқты басты шарттарымен таныстырды.
Темекі шегу-жер шарындағы өлімге шалдықтыратын себептер тізімінде екінші сатыда тұрғандығы мәлім.  Қоғамдық Денсаулық сақтау департмент маманы  Мұрат Камзин студенттерді  темекі шегудің  мен алкогольді ішімдіктің  зияны туралы,темекі түтінің құрамындағы никотин өкпедегі қатерлі ісік жасушасының бөлінуі мен көбеюіне әсерін тигізетінін нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Туберкулез ауруын қоздырушылардың бірі ретінде осы темекі шегу мен алкогольді ішімдік ішу екендігіне басты назар аудартты.
Кездесу соңында департамент өкілдері студент жастардың өз денсаулықтары үшін дұрыс таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.