Кәсіби бағдар беру жұмысы

Мамандық таңдау – болашаққа жасалған басты, жауапты қадам. Адам өз өмірінде болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуі қажет. Кәсіби бағдар беру жұмысы осы міндетті шешуге көмектеседі және жеңілдетеді.

2018 жылдың 14 маусымында Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды технологиялық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Атырау аграрлы-техникалық колледжі мен базасында болып қайтты. АтМГУ оқытушылары университетіміздің жетістіктеріне тоқталып, білім беру бағдарламаларымен және қабылдау ережелерін түсіндірді. Олар университеттегі дуальды білім беру, академиялық ұтқырлық, т.б.білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, студенттер ағылшын тілді бөлімдер мен магистратураның ашылуы туралы біраз мағлұмат алды. Сонымен бірге АтМГУ қабырғасындағы жарқын студенттік өмір туралы айтылды. Колледж түлектрі өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап ала алды.

Сіздерді «АтМГУ» КеАҚ мұнай-газ саласының алдыңғы қатарлы университеттерінің студенттері қатарына қосылуға шақырды. Атырау мұнай және газ университетінде Сіз тек сапалы білім ғана емес, сонымен бірге заманауи ғылым әлемін меңгеріп, спортпен айналысып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттеріңізді дамытасыз.