Кәсіби бағдарлау жұмысы

Атырау қаласының білім беру бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру   мақсатында «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ «Экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Баймухашева М.Қ., сонымен бірге Нурмуханбетова Л.К., Шайкенов Ж.Ш., Сарсенгалиев Т.К., э.ғ.к., доцент Избасарова Л.Б., ЖантлеуоваГ.М., Имашева Ж.О., Маликова А.М., Байбатырова Г.Т., доктор Phd Кадырбергенова А.К. профессорлық-оқытушылар құрамы № 13, 34, 36, 20, 8 және Ә.Жангельдин атындағы орта мектептерде болып, оқушылармен кездесті. Оқушы түлектер мамандық таңдау барысында көптеген кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алды. Оқушылар тарапынан мамандықтардың келешегі мен қажеттілігі, оқу гранты және оған ие болу мүмкіншілігі, құжаттарды қабылдау тәртібі туралы сұрақтар қойылып, аталған мәселелер қызу талқыланды. Атырау мұнай және газ университетіне түсуге тілек білдірген оқушылар өздері туралы мәліметтерін тапсырды.

Атырау мұнай және газ университеті бойынша дайындалатын  мамандықтар туралы оқушыларды хабардар етіп, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Бітіруші түлектерге мамандықтар туралы буклеттер мен  кәсіби ақпараттандыру кітапшалары таратылды.