Қазақтың бас ақыны Абай шығармаларын насихаттау

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Абайдың 175 жылдыгына орай және кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында 7 ауданға сапарын бастады !!!
Біздің талантты студенттеріміз өзінің өнерлерін көрсетіп, Абай шығармашылығына шолу жасап, университетімізді таныстыратын болады. Абайдың 175 жылдығына орай және кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатындағы іс- сапарымыз сәтті басталып алғашқы шарасы Құрманғазы ауданында өтті, оған 5 мектептің оқушылары қатысты. Студенттеріміз концерттік бағдарламаларын қойып, көрермендермен сұрақ-жауап айдары өткізілді.