«АтМГУ» КеАҚ-да «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асыру

Академиялық ұтқырлық

(2015-2016 оқу жылы)

ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 9 шілдедегі №369 «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы» бұйрығын орындауда студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 30.09.15-10.02.2016 жылдар аралығында Польша Республикасы, Лешно қаласы, Ян Амос Каменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби мектепке 1 академиялық семестрге төмендегі мамандықтар бойынша 11 студент жіберілді: 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару», 5В070800 – «Мұнай-газ ісі», 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау», 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиясы», 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету». Академиялық ұтқырлық шеңберінде 1 студент Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде, 1 студент Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде оқыды.   

08.02.2016-30.06.2016 жылдар аралығында 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығы бойынша 2 студент И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіне оқуға жіберілді.

(2016-2017 оқу жылы)

18.09.2016-07.03.2017 жылдар аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Италия, Турин қаласына, Турин политехникалық университетіне (Politecnico di Torino) 1 академиялық семестрге төмендегі мамандықтар бойынша 4 студент жіберілді: 5В070800 – «Мұнай-газ ісі», 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер».

30.09.2016-17.02.2017 жылдар аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша Республикасы, Лешно қаласы, Ян Амос Каменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби мектепке 1 академиялық семестрге төмендегі мамандықтар бойынша 3 студент жіберілді: 5В072100– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072900 – «Құрылыс», сондай-ақ «Erasmus+»  бағдарламасы бойынша 2 студент 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» және 5В0710000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша жіберілді. Грант оқуды, тұруды, ұшақпен ұшуды және шәкіртақыны қамтиды. 19.02.2107-25.06.2017 жылдар аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша Республикасы, Лешно қаласы, Ян Амос Каменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби мектепке 1 академиялық семестрге төмендегі мамандықтар бойынша 8 студент жіберілді: 5В070800 – «Мұнай-газ ісі», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В073200 – «Стандарттау және сертификаттау», сондай-ақ 19.02.2017-24.06.2017 жылдар аралығында  Польша Республикасы, Лешно қаласындағы Химия және технология университетіне 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жіберілді.

 (2017-2018 оқу жылы)

9.09.2017-13.12.2017 жылдар аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6 студент  Lane Community College (Юджин, Орегон штаты, АҚШ), 10.09.2017-17.02.2018 жылдар аралығында 3 студент Химия және технология университетіне (Прага, Чехия), сондай-ақ 29.09.2017-25.02.2018 жылдар аралығында 3 студент Польша Республикасы, Лешно қаласы, Ян Амос Каменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіби мектепке және 4 студент ө қаражаттары есебінен оқуға жіберілді.  13.09.2017-7.02.2018 жылдар аралығында 2 студент Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде оқыды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушы студенттер саны       (1 семестр, 2017-2018ж.ж)

1

Lane Community College (Юджин, Орегон штаты, АҚШ)

9.09.2017-  13.12.2017ж.ж.

6 студент

2

Химии және технология университеті (Прага, Чехия)

10.09.2017- 17.02.2018 ж.ж.

3 студент  

3

Ян Амос Коменский атындағы  Мемлекеттік жоғары кәсіби мектеп (Лешно, Польша)

29.09.2017- 25.02.2018ж.ж.

7 студент

4

Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті (Баку, Әзірбайжан)

13.09.2017- 7.02.2018ж.ж.

2 студент

Барлығы: 18 студент

2017-2018 оқу жылының 2 семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 студентті Lane Community College (Юджин, Орегон штаты, АҚШ), 2 студентті Астрахань мемлекеттік техникалық университетіне (Астрахань қ., Ресей), 2 студентті Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетіне (Баку қ., Әзірбайжан) оқуға жіберу жоспарлануда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үшін студенттер іргелі (математика, физика, информатика, ағылшын тілі) және бейінді пәндер бойынша конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.