Табиғат тамыршысы М.Д.Диаровтың мерейтойына арналған дәстүрлі «Экология және мұнай-газ кешені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының секциялық мәжілісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор ДИАРОВ МҰФТАХ ДИАРҰЛЫНЫҢ 85 жасқа толу мерейтойына арналған «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. 10 қазан 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетінің базасында өтіп жатқан дәстүрлі, кезекті конференция жұмысына алыс-жақын 25 шетелдік ұйымдар өкілдері мен ғалымдары қатысты. Жалпы конференцияға 156 қатысушыдан  88 баяндама түсті, оның 26 ғылым докторлары, 87 ғылым кандидаты.

«Каспий маңы өңірінің экологиясы», «Каспий маңы елдерінің отын-энергетикалық кешені», «Мұнай және газ кен орындарын бұрғылау мен игерудің заманауи геофизикалық зерттеулері және технологиялары, мұнай мен газды тасымалдау», «Мұнай-газ саласының дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектілері» тақырыбында өткен секциялық мәжіліс кезінде Каспий өңірі экологиясының, геология, геофизика, ұңғымаларды бұрғылау, мұнай-газ кен орындарын игеру, тасымалдау, мұнай өңдеу және мұнай-газ кешенін дамытудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері мәселелерін қамтитын баяндамалар оқылып, талқыланды.