Оқытушы-психологтарға арналған оқу-тәжірибелік семинары

2018 жылдың 22-23 қараша күндері Атырау мұнай және газ университеті базасында «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры және Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Өмірге ғашық болу» атты оқу-тәжірибелік семинары өтті. 2 күнге созылған семинарға психологтар, оқытушылар, Атырау облысының қала және аудан мектептерінің сынып жетекшілері және қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысты.

Семинарды «Отбасы Хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, «Онтология. Бала тәрбиесіндегі экзистенция анализінің рөлі» жобасының авторы Мырзабаев Сейілбек Саттарұлы жүргізді.

Семинардың мақсаты – жастар арасындағы суицидке қарсы сананы қалыптастыру және суицидтің алдын алу.

Семинар жұмысы барысында теориялық және тәжірибелік сабақ, рөлдік ойындар ойнатылып, сондай-ақ бірнеше топқа бөлініп, пікірталас түрінде өтті. Жеткіншек жас және жасөспірім шақтың психологиялық ерекшеліктері, қатердің куәсі болып табылатын суицидалдық тәртіп түрлері, отбасылық мәселелер талқыланды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.