«Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі» тақырыбындағы семинар

29 мамырда Атырау мұнай және газ университетінде экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп кафедрасы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі» тақырыбында кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Семинардың басты мақсаты кәсіпорындар мен  ұйымдардың жеке мамандарының кәсіби қызметке қажетті білім сапасын жақсартуға ықпал ету. Семинарды ф.ғ.д., профессор Оспанов Рысжан Дәулетұлы жүргізді. Семинарға AтМГУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар барысында қатысушылар салық салу саласындағы білімдері мен дағдыларын арттырды, ҚР Салық кодексінің өзгеруімен танысты. Олар салық салудың негізгі топтары мен салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін арнаулы салық режимдерін нақты қолдану, сондай-ақ Қазақстан Республиканың салық жүйесін, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктерін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің және төлеудің механизмін, салық салудың негізгі топтарының жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеді. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.