АтМГУ-нің ПОҚ мен қызметкерлері арасындағы кезекті спартакиада

2019 жылы 15 қаңтар күні Атырау мұнай және газ университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиада оқу орнының Спорт кешенінде басталды. Жарыс шахмат, үстел теннисі, мылтық ату, волейбол секілді спорт түрлері және «Спорттық отбасы – әкем, анам және мен» атты спорттық эстафета бойынша өткізіледі. Спартакиадаға 5 команда қатысады: 3 факультет, әкімшілік құрамынан құралған 1 команда және шаруашылық басқармасы. 

Аталған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану және оның әрбір адам өміріндегі маңыздылығын насихаттау, оқу орнындағы қызметкерлер арасындағы достық қатынасты, ауызбіршілікті нығайту, сондай-ақ оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері өздерін білім мен ғылымда, қызметте ғана емес, спортта да мықты екендіктерін дәлелдеу.

Жарысқа қатысушы барлық командаға сәттілік тілейміз!!!